8(7112) 22-85-97

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын жариялайды.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Кадр саясаты бөлімінің бастығы полция подполковнигі Нурмуханов Женис Темирханович және полиция капитаны Габдулова Жанар Мадиевна мектебіміздің 11 сынып оқушыларын жинап, Қазақстан Республикасы ПМ-нің оқу орындарына 4 жылдық оқу мерзімі бойынша Алматы, Қарағанды және Қостанай академиялары жататының түсіндіріп, әрқайсысына тоқталып өтті. Сонымен қатар, бітірушілер мына арнайы мамандықтар бойынша «Құқық қорғау қызметі» мамандығын алып шығады:

Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы:

-ПО сотқа дейінгі тергеу;

ПО жедел-криминалистикалық қызметі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы:

-ПО жедел-іздестіру қызметі;

ақпараттық жүйе;

-радиотехника, электорника және телекоммуникация.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы:

ПО әкімшілік-құқытану қызметі.

Оқуға түсу үшін бейінді пәндермен кез келген варияцияда (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейінді пәнді таңдауға болады. ШМ ЖОО түсуге конкурсқа қатысу үшін ҰБТ немесе КТА-дан 50 балдан кем жинамау керек, соның ішінде әр пән бойынша профильді пәндерді қосқанда 5 балдан кем болмауы тиіс.

Курсанттардың оқуы, тамақтануы, киім-кешегі және демалыс мезгіліндегі жол ақысы мемлекет атынан толық қамтылады (ақысыз). Оқуды аяқтағаннан кейін бітіруші курсанттар міндетті түрде қызметке алынады және оларға «полиция лейтенанты» атағы беріледі.