2022 жылдың 8 қарашасында №41 мектеп-лицейінің 15 жастағы оқушыларына білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы PISA сынағы өтті. Сынаққа 50 оқушы қатысты, 2 сағат тест, 30-35 минут сауалнама болды.
Жалпы оқушылар көңіл-күйлері жақсы, тест алушылардан ешқандай қысым көрмегендерін айтты. Сынақты министрліктен келген өкіл мен тәуелсіз сарапшылар өткізді. Мектептің сынақты ұйымдастыруы мен оқушылардың жақсы тәртібі үшін мектепке алғыс хат табысталды.