8(7112) 22-85-97

"Өз құқығыңды білесің бе?" атты тәрбие сағаты

Бүгін мектебіміздің 5 "Б" сыныбында Айгерім Ержанқызының жетекшілігімен тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағатының мақсаты, оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру , құқықтық білімдерін толықтыру.

Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.