Оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылғын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.
Олимпиада ережесі, жоспары бекітіліп, негізгі 6 пәннен: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихынан өтті. Барлық қатысқан оқушылар саны 148, олардың ішінде математика пәні бойынша 49, жаратылыстану пәні бойынша 15, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 28, ағылшын тілі пәні бойынша 29, Қазақстан тарихы пәні бойынша 16. Қатысушы мен жеңімпаздар санының көптігіне қарай «Үздік олимпиадалық команда- 2022» 6 «а» сыныбы атанды. Қалалық олимпиадаға қатысушы кандидаттар анықталды, пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын жүргізетін болады. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!