2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акция аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қазақ тілім-ұлттық тіл» қалалық мектеп оқушыларының 7-8 сыныптары арасында көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы оздырылды.
Шараның мақсаты: Ұлт ұстазының шығармашылығы арқылы еліне деген мақтаныш сезімін ояту, қоғамдық қызметін, ақындық шығармашылығын кеңінен насихаттау Бұл сайыста бағын сынаған №41 мектеп-лицейінің 7 «Ә» сынып оқушысы Ережеп Асема I дәрежелі жүлдені қанжығасына байлады. Ақын өлеңін жатқа айтып, мәнерлеп оқу ерекшелігіне, дикция тазалығы және викториналық сұрақтарға жауап беру бойынша жоғары деңгейде бағаланып, үздік деп танылды. Жетекшісі: Г.Е. Куанышкалиева.
Оқушы мен пән мұғалімін жетістіктерімен құттықтаймыз!