18 қараша күні «Бала-құқығы –адам құқығы» республикалық онкүндігі аясында «Бақытты ана-бақытты бала -бақытты ел» тақырыбында әлеуметтік педагог Жарасова А.Х. жетекшілігімен көп балалы аналармен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу, өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу жолында құқықтық тәрбиенің маңызын аңғарту. Ата-ана мен оқушы арасыдағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету.
Көп балалы аналардың қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелде отбасындағы тәрбие, балалармен аналардың арасындағы қарым-қатынас туралы пікірлерімен бөлісіп, ой қозғалды. Бала ата-анасына, ортасына қарап өсетіндігін алға тартып, алдымен әркім өзін тәрбиелеу қажеттігін айтты. Қазіргі қоғамда көп балалы аналарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде деген аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, талқыланды.
Шара барысында кездесуге қатысты көп балалы аналардың пікірі тыңдалды.