Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына сәйкес білім алушылардың бойында азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын қабілетті және көшбасшылық қасиеттері жоғары мектеп Президенттерін анықтау.
Қатысушы мектеп президенттері «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында бағдарламаларын, «Мектеп Президентінің бір күні» тақырыбындағы бейнеролик және «Кемел келешектің көшбасшылары» аталымы бойынша «Мектеп парламенті» тарапынан 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдары іске асырылған үздік жобаларын қазылар алқасына ұсынды.
Нәтижесінде, №41 мектеп-лицей оқушысы, Мектеп Президенті Арулана Қанатқызы II - орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!!