6”Б” сынып жетекшісі Маратова Ш.С. мен 5 «в» сынып жетекшісі Мансурова А.Ш. «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізді.
Мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, ережелерімен таныстыра отырып, пайдалы және пайдасыз тағамдар туралы түсінік беру. Күнделікті өмірде оқушылардың тұтынып жүрген тағам түрлері, адам ағзасына әсерін анықтау.
Маратова Ш.С. 6 «Б» сыныпта тәрбие сағатында кіріспе бөлімде баяндама оқылып, Таныстыру, “Кім шапшаң?”, “Тапқыр болсаң, талас жоқ”, “Жағдаяттарды шешу” кезеңдерін қамтыған тәрбие сағаты болды. Оқушылар белсене қатысып, өзіндік ойларын ортаға салды. Ең бастысы дұрыс тамақтану туралы түсінік қалыптастырып, нақты ақпараттар алды.
Мансурова А.Ш. 5 «В» сыныбында тамақтану сауаттылығының 5 негізін, тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін, «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау, ортақ ой түю арқылы ойындармен өткізді.