8(7112) 22-85-97

«Дұрыс тамақтану-болашақ ұлттық денсаулығы» атты окүндігі

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтануды насихаттауға №5 қалалық емхана дәрігері 5-6 сынып оқушыларына Кужагельдина Лаззат Матниязовна «Қалай дұрыс тамақтану керек?» туралы лекция оқыды. Әлеуметтік педагог Жарасова А.Х. «Дұрыс тамақтану мәдениеті» жайында оқушыларға бейнеролик көрсетті.
Мақсаты: оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.

Жалпы алғанда күніне 4 рет тамақтанып, оның екеуінде ыстық тамақ жеуіміз керек. Қатты майлы тамақтан бас тартқанымыз жөн. Және көп тамаққа тосқауыл қою қажеттігі айтылды.Барлық сынып оқушылары жеке бас тазалығын сақтану керектігін және тез дайындалатын тағамдарды жемеу керектігі жөнінде өз ойларын айтып өтті. Сонымен қатар оқушылар өздерінің тамақтану ережелерімен бөлісіп, қате және зиянды әдеттерінен аулақ болу керегін білді.