Мектебіміздің 8 «В» сынып оқушыларына Әлеуметтік педагог Жарасова А.Х. "Өз өмірім-өз қолымда" атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Адамзат баласына бір-ақ рет берілетін өмірді қадірлей білуге көз жеткізу арқылы темекі мен ішімдіктің, нашақордың зиянын оқушыларға түсіндіре салауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылардың ой-пікірін ортаға салу.
Дөңгелек үстел барысында оқушыларға қажетті ақпараттар ұсынылып, таныстырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, топ бойынша жұмыстанды.