8(7112) 22-85-97

Ата – аналар жиналысы

І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша 5-7 сыныптар үшін жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді. Қабылдау уақыты сағат 16:00 бастау алды. Ата – аналарға ең алдымен «Жас Ұлан» және Мектеп «Парламенті» ұйымдары бірлесе отырып «Көңіл – күй» атты тренингін өткізді.

Жалпы ата – аналар жиналысы ІІ бөлім бойынша қарастырылды. І бөлімде міндетін атқарушы Иманиязова Г.С. жетекшілігімен «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында жиналыстың оздырылу барысын таныстырып шықты. Ал, оқу ісінің меңгерушісі Утебалиева А.Ж. І оқу тоқсаны қорытындысы бойынша жалпы білім сапасының көрсеткішінің анықтамасын ұсынды.

ІІ бөлімде ата-аналар пән мұғалімдерімен оқушының сабақ барысындағы білімі мен тәртібін саралау, білу, көмек алу мақсатында бетпе-бет пікірлесу жүргізілді.