2022 жылдың 5 желтоқсанында Орал қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес №41 мектеп-лицейінің базасында «PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында химия, биология, география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Семинарға қалалық озат тәжірибе мектебінің 49 тыңдаушысы қатысты. Бағдарламаға сәйкес директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жолдасбаева сөз алып, мектептің ішкі жұмыс жүйесімен таныстырды. Семинардың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында функционалдық сауаттылық терминіне тоқтала отырып, PISA тапсырмаларын құру аспектілері де қарастырылды. Семинарда педагог-зерттеуші Н.Ш.Ажгалиев, педагог-сарапшылар Г.К.Бергалиева, Н.Боранбайқызы ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында топтық және жұптық жұмыстар, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, функционалды түрде сыни ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, танымдық видеолар көрсетілді. Семинардың практикалық бөлімінде педагог-сарапшылар Л.С. Мукатаева, Л.С. Адиева топтық жұмыстар ұйымдастырды. Топтық жұмыста PISA тапсырмаларын аспектілер бойынша тапсырмаларды өздері құрастырып, «Ғаламдық проблемалар» тақыр ыбында PISA тапсырмаларын орындап, қорытынды жасады.