9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5 – 11 сынып оқушылар арасында шахматтан мектепшілік олимпиадасы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың шахмат ойынына қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Мектепшілік шахмат олимпиадасының ұтымды ұйымдастырылуына дене шынықтыру пәні мұғалімдері белсене атсалысты. Шараның жоспары бойынша оқушыларға презентация түрінде шахмат ойынының тарихын, шахмат ойынының ережесін, жүру тастарын, қалай жүру керек айлаларын түсіндіріп кетті. Олимпиадаға 5 – 6 сынып, 7 – 8 сынып және 9 – 10 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
5-6 сынып ұлдар:
- Тажбаев Арыстан – І орын
- Туяков Рауан – ІІ орын
- Бисембай Алдияр – ІІІ орын
- Мәлік Мадияр – ІІІ орын
5-6 сынып қыздар:
- Карим Айару – І орын
- Жоламан Дана – ІІ орын
- Фатих Аяна – ІІІ орын
7-8 сынып ұлдар:
- Амангелді Нұрмұхаммед – І орын
- Аманғали Амир – ІІ орын
- Есмағамбетов Ағзам – ІІІ орын
7 – 8 сынып қыздар:
- Сагындык Мадина – І орын
- Адаева Аиша – ІІ орын
- Елтай Дильназ – ІІІ орын
9 – 10 сынып
- Мэлс Гаухар – І орын
- Жаулыбай Мұхит – ІІ орын
- Болат Амина – ІІІ орын
Оқушылардың жауапкершілікпен қатысуына үлес қосқан сынып жетекшілеріне және 5а,5ә, 5б, 5в, 6а, 6б, 7а, 7ә, 7б, 7в, 8а, 9ә, 9б, 10а сынып оқушыларына алғыс білдіреміз. Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!