Бүгін 12 желтоқсан күні «Зерде -Память» қоғамдық қорының іс-шарасы негізінде 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орайлас «Ұлы тұлғаларға тағзым!» тақырыбындағы мектеп-лицейімізде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге өнегелі өмірін табанды еңбекқорлығымен өре білген, еңбек жолында әр жауапты істі абыроймен атқарып, бүгінгі күні құрметті ел ағасы атанған қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебайұлы Төлебаев қатысты.
Мақсаты: Қазақ елінің көсем – тұлғалары: Ахмет Байтұрсынов, Алихан Бөкейханов, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Дінмұхаммед Қонаев және Роза Бағланова, т.б. туралы өнегелі естеліктерге тоқтала отырып, ел тәуелсіздігіне жетер жолдағы тарихи кезеңдерден мәлімет бере отырып, оқушылар бойына патриоттық рух ұялату.
Дөңгелек үстел барысында Қуанышбай Төлебайұлы Тәуелсіздік жолында тер төккен тұлғалар туралы тоқтала отырып, тәуелсіздіктің құндылығын әр ұрпақ білу керек және оны сақтау керек деп ой тұжырымдады.
Төлебаев Қуанышбай Төлебайұлы!
1945 ж 10 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданының, Өркендеу ауылында дүниеге келген.
Білім жолын Шымкенттегі политехникумнан басталып, Жамбыл гидромелиоративті - құрылыс институты Тараз қаласы, Мәскеудегі Қоғамдық ғалым академиясы, Астанадағы ҚР президенті жанындағы мемлекетік басқару Академиясында білім алған.
Еңбек жолын 1964 жылы Қызылорда облысы, Қараөзен ауданында құрылыс саласының шебері болып бастап, әр жылдары мемлекеттік және жеке секторда жоғары басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
Марапаттары: ҚР «Құрмет ордені», «Құрмет белгісі» медалі, ҚР президентінің «Алтын барыс» төсбелгісі, ҚХА «Бірлік» алтын медалі, ҚР президентінің алғыс хаттары мен басқа да көптеген алғыс хаттар мен марапаттардың иегері.
Дөңгелек үстел соңында оқушыларымыз өз туындысынан «Тәуелсздік тұғырым» жырын оқыса, саз пәнінің мұғалімі Ардақ Әубәкірқызы Роза Бағланованың «Ақ маңдайлым» әнің шырқады. Мектеп директорының м.а. Г.С. Иманиязова Қуанышбай Төлебайұлын Алғыс хат пен естелік қолөнер табыстады.