8(7112) 22-85-97

"Жас Ұлан" ББМЖҰ қабылдауға ұйымына қабылдау рәсімі

Бүгін 13 желтоқсан күні №41 мектеп – лецейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай "Жас Ұлан" ББМЖҰ қабылдауға арналған салтанатты жиын өткізілді. Мақсаты: Еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, салт - дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу.

Мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының 9-10 сынып оқушылары бүгінгі салтанатты шарамызда жаңа мүше болып қабылданып жатқан 5а, 5ә, 5б, 5в сынып оқушыларына галстук табыстап, ант бергізіп, «Жас ұлан» әнімен мерекелік шарамызды аяқтадық. Салтанатты жиынға мектептен тыс жұмыс орталығының бөлім меңгерушісі Динара Жасқайратқызы қатысып, жаңа «Жас Ұландықтарға» еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болуларына тілек білдірді.