Мақсаты білім берудің заманауи талаптарына, пән құзыреттілігін игеру деңгейін анықтауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игерген және жоғары ғылыми әдістемелік әлеуеті мен кәсібилігі бар шығармашыл мұғалімдерді анықтау
«Заманауи құрақ құрау өнері» байқауында берілген 3 сағат ішінде толықтай 50/50 көрпешенің тысын тігіп аяктап дайын бұйымды ұсыну қажет болатын. Байқауға қатысқан мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Баймурзина Самал Акедиловна І орынға ие болды. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!