Орал қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сайкес 2022 жылдың 22 желтоқсан күні «Кітап оқиық, кел бірге» атты 5-9 сыныптарға арналған байқау өтті.
Байқаудың мақсаты:
-оқу мәртебесін, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру
-мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту
-мектеп оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін арттыру
Байқауға 3 оқушыдан тұратын команда ұсынылды. Байқау шарты бойынша оқушылар «Оқы да, бөліс» бөлімінде берілген кітап бойынша мазмұнын айту, «Монолог» бөлімі бойынша басты кейіпкер бойынша монолог дайындау. «Сұрақ-жауап» бөлімі бойынша әр команда сұрақтарға жауап берді. 6 сыныпқа ұсынылған кітап «Lewis Caroll. Adventures in Wonderland. Oxford university press» болды.Бұл байқауға № 41 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушылары Досым Сұлтан, Иргалиева Аружан, Артурова Дария команда ретінде қатысып, І орын иеленді. Жетекшілері:Темирова.А.Е. Ермекова.Д.М. Оқушыларды және мұғалімдерді жетістіктерімен құттықтаймыз!