8(7112) 22-85-97

«Асыл қария, ағып жатқан дария»

21 желтоқсан күні мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымы мүшелері және 8 «Б» сынып оқушылары қарттар үйінде "Асыл қария, ағып жатқан дария" атты мерекелік шара өткізді.

Шара көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет көрсету, тәлім-тәрбиені бойына сіңірген өнерлі тұлға тәрбиелеу мақсатын көздеді. Іс-шара барысында мектебіміздің белсенді оқырмандары ақ жаулықты аналарымызға арнап өлеңдер оқып, ән айтып, домбырамен күй шертті.

Мерекелік шарада қазыналы қарияларымыз бірінен кейін бірі сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.Сонымен қатар мерекелік концертіміздің соңында Иманиязова Г.С. Мукатаева Л.С. Төреғалиева А.А. және Сатыбалдиева Д.С. өз үлестерін қосып, тәттілер таратты.

"Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер" дегендей, көңілдері бір желпінген қазыналы қарияларымыз алғысын айтып, ақ батасын беріп, сый-сияпат таратумен тәмамдалды.

Жүрегімізден мейірім мен жылулық ешқашан кетпесін!