Орал қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сайкес 2022 жылдың 23 желтоқсан күні «Кітап оқиық, кел бірге» атты 5-9 сыныптарға арналған байқау өтті.
Байқаудың мақсаты:
-оқу мәртебесін, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру
-мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту
-мектеп оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін арттыру
Байқауға 3 оқушыдан тұратын команда ұсынылды. Байқау шарты бойынша оқушылар «Оқы да, бөліс» бөлімінде берілген кітап бойынша мазмұнын айту, «Монолог» бөлімі бойынша басты кейіпкер бойынша монолог дайындау. «Сұрақ-жауап» бөлімі бойынша әр команда сұрақтарға жауап берді. 7 сыныпқа Ж.Верннің «Пятнадцатилетний капитан», Марк Твеннің «Приключения Тома Сойера» кітаптары ұсынылған болды. Бұл байқауға № 41 мектеп-лицейінің 7а сынып оқушылары Бапаева Алина, Шаштыгалиева Дильназ, Саганаева Лейла команда ретінде қатысып, І орын иеленді. Жетекшісі: Рахметкалиева Н.О. Оқушыларды және пән мұғалімін жетістіктерімен құттықтаймыз!