8(7112) 22-85-97

Қалалық «Кітап оқиық, кел бірге» байқауының қорытындысы

Орал қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сайкес 2022 жылдың  22-23 желтоқсан  күні «Кітап оқиық, кел бірге» атты  5-9 сыныптарға арналған байқау

Байқаудың мақсаты:

-оқу мәртебесін, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру;

-жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

-мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту;

-мектеп оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін арттыру.

Байқауға 3 оқушыдан тұратын команда қатысты. Байқау шарты бойынша оқушылар «Оқы да, бөліс» бөлімінде берілген кітап бойынша мазмұнын айтып, «Монолог» бөлімінде басты кейіпкердің сөзі бойынша монолог дайындап, жатқа әрі нақышына келтіре оқыса, «Сұрақ-жауап» бөлімінде бойынша команда мүшелері  сұрақтарға жауап берді.

5-сыныпқа Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» және С.Бегалиннің «Бала Шоқан» кітаптарын оқу ұсынылды. Бұл байқауға №41 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары  Мәлік Мадияр, Жоламан Дана, Нұрланқызы Інжу команда ретінде қатысып, ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі: Нурсапина С.У.

8-сыныпқа Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» және М.Сүндетовтің «Құмдағы ауыл» кітаптарын оқу ұсынылды. Байқауға 8-сынып оқушылары атынан қатысқан команда мүшелері Қазығұл Гүлмерей, Құттыбай Айшабибі, Сайлау Назерке І орынға ие болды. Пән мұғалімдері: Беккужиева С.А., Иманиязова Г.С.

Оқушыларды және пән мұғалімдерін  жетістіктерімен  құттықтаймыз!