21 желтоқсан күні Орал қаласы әкімінің жаңа жылдық шыршасына мектебімізден көп балалы отбасындағы 5 «ә» сынып оқушысы Зейнекен Мерей қатысты.
Шарада оқушыларды қала әкімінің орынбасары М.Нұржанов Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жарқын болашақ, талмас қанат, әркез білімге деген құштарлықтың болуын тіледі.
Жаңа жылдық шыршада балалар мультсериалдағы кейіпкерлермен бірге ән айтып, би биледі. Сондай-ақ, қызықты қойылымдар қойылып, қала әкімі М.Сатқановтың атынан мерекелік тәтті сыйлықтар тарту етілді.