8(7112) 22-85-97

Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық жасауды ұмытпаңыз.....!

26-шы желтоқсан күні жаңа жыл қарсаңында мектеп-лицейімізде әлеуметтік көмекті қажет ететін және көп балалы отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өткізілді.

Балаларға көңіл бөлудің ең жақсы тәсілі – оларға қуаныш сыйлау. Өз кезегінде аталған мерекелік шарада ИП «Сундеткалиева» жеке кәсіпкері Сундеткалиева М.С. мен ИП «Адай» жеке кәсіпкері Тлемисов А.Т. демеушлік танытып көп балалы отбасындағы 8 оқушыға қайырымдылық игі іс жасап , өздерінің құттықтауларын білдіріп, жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ демеушілік танытқан MIA Print фотосалоның кәсіпкері Есет Мейірбек өз жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып оқушыларға жаңа жылдық сыйлық ұсынды.
Қайырымды іс жасау мүмкіндігін ешқашан жіберіп алмаңыз! Жақсылық ешқашан да бекер болмайды!