Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
27 желтоқсан күні мектебіміздің 5, 6 сынып оқушыларына арналып жаңа жылдық тәрбие сағаттары өткізілді. Әр сынып бөлініп берген тақырыптарға сай, дайындалып, мерекелік сағаттарын жүргізді. «Жас Ұлан» мен «Парламент» балалар ұйымдары біріге отырып, Ақшақар мен Аяз ата рөлін сомдап оқушыларға ойын ойнаттырып, сыйлықтар таратты. Шараға белсенділік таңытып, атсалысқан сыныптарға арнайы мадақтамалар берілді.
5 а – «Ұйымшыл сынып»
5 ә – «Креативті сынып»
5 б – «Ең үздік безендірілген сынып»
5 в – «Белсенді сынып жетекші»
6 а – «Әсем безендірлген сынып»
6 ә – «Көңілді сынып»
6 б – «Эмоционалды сынып» номинациясымен марапатталды.
Жетістіктерімен құттықтаймыз!