8(7112) 22-85-97

Әдістемелік бірлестік отырыстары өткізілді

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сай 4-5 қаңтар күндері бірлестік отырыстары өткізілді.

Қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігі «Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары», орыс тілі және әдебиеті пән бірлестігі «Развитие речи учащихся при изучении грамматических тем», ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі «Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру», тарих әдістемелік бірлестігі «Тарих сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану», информатика, физика, математика пән бірлестігі «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі», жаратылыстану пән бірлестігі «Биология курсы мазмұнының жаһандану жағдайына сай мектепте жаңартып тереңдете оқыту», дене шынықтыру және АӘжТД пәндерінің әдістемелік бірлестігі “ Спорттық ойындарды дене шынықтыру сабағында тиімді қолдану жолдары”. Мәдениеттану әдістемелік бірлестігі отырысы «Көркемділік- эстетикалық пәндерді оқытудағы заманауи амалдар» тақырыптарында отырыс өткізілді.
Отырыс барысында тарих пәнінің мұғалімдері А.Е.Сатиева және Ш.С.Сисенова Padlet, Тарсия,Plicers, Wordwall, Quizzes com әдістерді сабақ барысында қалай қолдану керектігін көрсетіліп, тапсырмалар орындап, жұмыстар жүргізілді. Информатика пәнінің мұғалімі Қ.Каденова «Сабақта қолданылатын ойын технологиялары», Э. Сатканова «Информатиканы оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын жетілдіру», Б. Самарбаева «Математиканы оқытуда қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі», А.Ж. Утебалиева «Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.