8(7112) 22-85-97

Қысқы демалыстағы дене шынықтыру

Мақсаты:
-мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту;
-дене тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейту;
-футбол ойынына деген қызығушылығын арттыру;
-оқушылардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту;

Кезекті қысқы демалыс уақытында оқушылар мектеп спорт залында жиналып , денені шынықтыру мақсатында әртүрлі ойындар ойнауға кірісті. Солардың бірі футбол.Ешбір ойын, егерде жақсы ойыншылары болмаса нәтиже бермейді.Футболшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футболдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа шыдай білуі керек. Футболда басты, маңызды ол ойыншылардың өз денесі мен допты игеруі.Міне осыларға байланысты ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек.Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы.