КІТАП ӘЛЕМІНЕ ШОЛУДАҒЫ СЕНІҢ МІНДЕТІҢ:
1. Өзіңе әлдебір жаңа нәрсе жасауға ұран тастау және өзің бұрыннан кейінге қалдырып жүрген істі жасау!
2. Қысты қызықты әрі пайдалы өткізу!
3. Жақсы көңіл-күйден қуат алып, демалыс және нағыз қысқы демалыс ахуалын туғызу!
4. Оқу, жасау, сурет салу, оқылғандар туралы сюжеттер, әңгімелер ойлап табу!
Мекебіміздің 8 «Б» сынып оқушылары Лиза Сансызбаевнаның жетекшілігімен қаламыздағы Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығына барып, кітапханасымен танысып келді.
Кітап оқу – өнер, рухани жаңғыру кепілі.Кітап ел мен елді жақындастырар, түсінікке бастар рухани дүниеге негіз қалайды. Ақпарат пен білім кітап әлеміндегі шегі жоқ ұлы көш деуге болады. Ұстаздар мен оқушылардың сапалы білім алуының кепілі ретінде білім мен ақпаратты беру және іздестірумен қамтамасыз ету, рухани байыту – кітапхананың төл ісі. Бүгінде мектеп кітапханасы білім ошағының өркендеуі мен қалыптасуы және балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беруінде үлкен демеу болып келеді. Кітап сананы нұрға бөлейді. Сондықтан кітапқа қызықтыру – бұл кең дүниетанымға қызықтыру.