8(7112) 22-85-97

«Оқушылармен кері байланыс орнатудың жолдары» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сай 6 қаңтар күні информатика, математика, физика әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Э.М.Сатканова шеберлік сыныбын өткізді

Мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификациясы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Шебер-сынып барысында «Өзіме-көршіме» тренингі жүргізілді. «Көңіл-күйіміздің суретін салайық», «Ауа-райы», «Бір сөзбен», «Пантомима», «Табыс сатысы» т.б. кері байланыстың әдістерін және Padlet тақтасы, Whatsapp желісі арқылы, Pollie қосымшалары арқылы да оқушылармен кері байланыс орнатуға болатынын көрсетті.