Оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылғын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.
Олимпиада ережесі, жоспары бекітіліп, негізгі 10 пәннен: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика,физика, информатика, химия, биология, география өтті. Барлық қатысқан оқушылар саны132. Қазақ тілі мен әдебиеті-13 оқушы, орыс тілі мен әдебиеті-11 оқушы, ағылшын тілі-28 оқушы, Қазақстан тарихы-15 оқушы, математика-18 оқушы, физика-7 оқушы, информатика-5 оқушы, химия-12 оқушы, биология-11 оқушы, география-12 оқушы. Қатысушы мен жеңімпаздар санының көптігіне қарай «Үздік олимпиадалық команда- 2023» анықталатын болады. Қалалық олимпиадаға қатысушы кандидаттар анықталып, пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.