Мақсаты: Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Қаңтар айының 17 жұлдызында мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар ұйымы мен "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару ұйымдарының жиналысы өткізілді. Отырыс барысында Ұланбасы – Қалымбет Дильназ бен Мектеп Президенті – Габдулкаримова Сабина І жартыжылдықта өткізілген шараларды негізге ала отырып, фракция басшыларын екі топқа бөліп, ақпан айына арналған жоспарды өздерінше құрастыруға және ортаға салып, талқылауға мүмкіндік берді. Жиналыс соңында екі ұйымның жоспары айқындалған соң, жаңа жылда - жаңа бастамалар мол болсын деген ниетпен, бір – бірлеріне жақсы тілектер айтып , сәттілік тіледі.