18 қаңтар күні Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында байқау өтті.
Мақсаты отансүйгіштікке, толеранттылыққа, өз елінің тағдырына жауапкершілікке тәрбиелеу. Байқауға қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі көрсету. «Мy Kazakhstan! I want to praise you!» байқауына мектебімізден ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог- модератор Сисенова Айнур Уахитовна қатысып, ІІІ орынға ие болды. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!