8(7112) 22-85-97

"Жасөспірімдермен салауатты өмір салтын насихаттауға нашақорлық пен АИТВ-ны алдын-алу шаралары" 9-10 сыныптарға арналған лекция

Мақсаты: АИТВ/ЖИТС–тің, маскүнемдіктің және нашақорлықтың алдын алу,  алкогольге, есірткіге теріс көзқарасты арттыру.Оқушыларды салауатты өмір салтына насихаттау.

Кездесуге Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың қызметкері Умбетова Гульнара Кимовна   қатысып, кәмелетке толмаған жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала маманы  Умбетова Гульнара Кимовна   жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында кітап оқуға шақырды. Сөз соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.