Ұлы Отан соғысының ардагері, Мәскеу қаласында өткен шеруге қатысушы, прокуратура органдарының ардагері Иван Степанович Гапичтің 100 жылдығына орай 8-10 сынып оқушылары арасында қашықтан қалалық сырттай эссе байқауы өтті.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы ардагерінің өнегелі істерін насихаттау, ерен ерлігінің рухани астарын тереңнен әрі кеңінен түсінуге шақыру, жас ұрпақтың санасынада отансүйгіштік пен ардагер батырымызға деген құрметті, патриотизм мен мақтаныш сезімін арттыру. Эссе байқауына 10 сынып оқушысы Қарабай Аяулым (пән мұғалімі Нурсапина С.У) мен 9- сынып оқушысы Ергалиева Даяна (пән мұғалімі Беккужиева С.А) І орынға, 8 сынып оқушысы Сайлау Назерке ІІІ орынға (пән мұғалімі Иманиязова Г.С) ие болды. Оқушыларымызды Әріптестерімізді және оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!