«2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жалпыұлттық саясатын ұсынды. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алған болатын. Жобаның басты мақсаты - өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру. «Елбасы медалі» жобасында жасы 14 пен 29 жас аралығында әрбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін жеті бағыт ұсынылған: «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеуде үздік әлемдік тәжірибе қолданылған.
«Елбасы медалі» — өскелең ұрпақты қолдау мен ынталандыруды мақсат еткен бірегей жоба. 6 ай бойы білім мен шеберлік сынға түскен сайыста тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, өзін-өзі дамытқан, алға қойған мақсатқа жүйелі түрде жеткен жеңімпаздар қатарында №41 мектеп - лицейінің оқушылары да бар. Иманиязова Г.С. жетекшілігімен Өтешова Ділназ бен Рауанқызы Аида «Елбасы медалі» жобасының жүлделі қола медаль иегері атанды.Жеңістеріңіз құтты болсын! Білімдеріңіз артып, шеберліктеріңіз шыңдала берсін!