7 сәуір күні «Ғылыми жоба жазуға қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өткізілді.
7 сәуір күні Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қалалық және ауылдық мектептердің білім алушыларының арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту, нәтижелілігі төмен ауыл мектептеріне инновациялық мектептердің «қамқорлығын» жүзеге асыруға бағытталған «Батыс INNOVATIONS» және «KӨMEKTIMES» жобасы бойынша №41 мектеп-лицейі қамқорлыққа алынған мектеп Сырым аудандық білім беру бөлімінің «Аралтөбе жалпы орта білім беретін мектебі» мұғалімдері мен оқушыларына «Ғылыми жоба жазуға қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өткізілді. Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.Жолдасбаева мектептегі жұмыс бағыттары туралы баяндады. Тарих пәнінің мұғалімі Э.О.Орынбасарова ғылыми жоба жазудың қыр-сырымен, талаптарымен таныстырды. Республикалық ғылыми жобалар кезеңінің республикалық кезеңінің жеңімпаздары Тналиева Гаухар, Серік Мәдина (жетекшісі Э.О.Орынбасарова) және облыстық кезеңінің жүлдегері Каирова Айбиби (жетекшісі С.У.Нурсапина) өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды