8(7112) 22-85-97

«BILIMDILER DODASУ» атты зияткерлік сайыс.

7 ақпан күні «BILIMDILER DODASУ» атты зияткерлік сайысы өтті.

«Математика, информатика, физика» апталығы аясында 7-8 сыныптар арасында «BILIMDILER DODASУ» атты зияткерлік сайысымыз өткен болатын. Сайысымыздың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; терең білімді және дүниетанымы жан-жақты дамыған, патриот жастарды тәрбиелеу. Сайысымызға 7-8 сыныптар арасынан 6 оқушыдан құралған үш топ қатысты.Оқушылардың үш пән бойынша логикалық білімдері айқын көрінді. Сайысымыз кезінде видео сұрақтар, блиц сұрақтар, қара жәшік сұрағы қойылып, оған қызықты, әрі дұрыс жауаптар беріліп отырды. Сайысымыздың қорытындысы, жүлделі орындар жұма күні анықталады.