8(7112) 22-85-97

6-10 ақпан аралығында «Цифрландыру - білім берудегі жаңа бағыт» атты математика, физика және информатика пәндері апталығының жабылуы өткізілді.

Жабылу салтанатында апта бойы ұйымдастырылған шараларға белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды.

Қазіргі заманғы мектепте ақпараттық мәдениетті дамыту, цифрлік оқыту ортасын құру, әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және желілік технологияларды қолданумен цифрлы білім берудің типтік ерекшеліктері және интерактивтілік, медиа ағындарды қабылдауға бағытталып өткізілген апталық өз мәресіне жетті. Апта бойы ұйымдастырылған «E-book» электронды кітап оқу, «Дойбы кәмпиттер», «Крест және нөл», «3D кеңістігіндегі» ойындар, «Білімділер додасы» зияткерлік сайыс, «Intellectum» үстел үсті ойындары, «Миллион кімге бұйырады?» интерактивті ойыны, «Digital Startup» жоба, «Tiktok Ideas» онлайн байқауы, «Қызық екен» педагогтерге арналған кеш пен сайыстарға белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар дипломдар мен алғыс хат және «Үздік премия» номинацияларымен марапатталды.