Мектеп-лицейімізде «JasActivity» жобасы аясында жас ұстаздарға «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында Г.Н. Капашеваның ұйымдастыруымен оқыту семинары өткізілді.
Жас ұстаздарға сабақты тиімді жоспарлау туралы түсінік қалыптастыру, оны тәжірибелеріне енгізуге көмектесу мақсатында өткізілген семинарға мектебіміздің 8 жас мұғалімі қатысты. Оқыту мен оқу үрдісінде табысқа жету үшін сабақты дұрыс жоспарлауға дағдылану, жағдаяттардан, кедергілерден шығу жолын үйренуге бағытталған семинарда қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құру, оның ішінде сабақ мақсатын дұрыс қою, саралауды ескеру, бағалауды дұрыс жоспарлау, тапсырмаға қажетті әдіс- тәсілдерді жүйелеу, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру жолдары айтылды. Сондай-ақ, жас ұстаздар тарапынан сабақта қолданылатын цифрлық ресурстардың тиімділігі көрсетіліп, тәжірибе алмасу болды. Семинар соңында, әр жас ұстаз рефлексия жасап, ой қорытындылады.