Байқаудың міндеттері: талантты жас педагогтерді анықтау, педагог еңбегінің дәрежесін көтеру, жас педагогтердің инновациялық идеяларды және түрлерді іздеу ісін жетілдіру, педагогикалық қауымға жас педагогтердің жетістіктерін тарату.
Байқау 3 кезеңнен түрды. Бірінші тапсырма – «Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу. Эссе (өмірлік ұстанымы, кәсіби-жеке тұлғалық позиция, жетекші педагогикалық идеялар). Екінші тапсырма- «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру. Бұл фотопрезентация, бейнепрезентация, аудиожазба, көркемсөз, т.б. ерекше шығармашылықтар арқылы көрсетілуі мүмкін. Байқауға қатысушы өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарасын ұсынды. Үшінші тапсырма – «Ашық сабақ». Байқау қатысушылары бейтаныс сыныпта сабақ өткізді. (5-9 сыныптарда). Мектебімізден математика пәнінің мұғалімі Изимова Ақылай Тарихқызы қатысып, «Алғыс хат» иеленді. Әріптесімізді жетістігімзбен құттықтаймыз!