8(7112) 22-85-97

Қалалық «Мой «Know How» сайысының қорытындысы

Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған My «Know How» in teaching» байқауы 22 ақпан күні  өткізілді

Байқаудың негізгі мақсаты: Пән мұғалімдері арасынан даралық сапалары жетілген, шығармашылықпен жұмыстанатын, тұлғалық және кәсіби шеберлігін шыңдаумен айналысатын мұғалімдерді қолдау.

Байқау 2 бөлімнен тұрды. І бөлімде өзі туралы таныстырылым жасау, ІІ бөлімде Know how алаңы: байқауға қатысушы өз сабағында қолданатын белсенді әдіс-тәсілді таңдай отырып, қызықты етіп ұсыну.

Байқау қорытындысы бойынша  мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.М.Ермекова жүлделі ІІІ орынды иеленді. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!