Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Бүгін мектебімізде 5 сыныптар арасында «Бесікке салу» , «Ат қою» , «Тұсау кесу» тақырыптарында мерекелік іс – шаралар жүргізілді. 6 сыныптар арасында «Наурыз көже», «Наурыз бата» , ал 7 сыныптар арасында «Қазақтың ұлттық ойындары» , «Айтыс» секілді тақырыптарда мерекелік іс - шаралар өткізілді. Шара барысында мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталды.Түрлі салт - дәстүрлер көрсетілді. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстырылып, балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал етілді.