№41 мектеп - лицейінің 9 сынып оқушысы Серік Нұрдәулеттің әкесі Бисенгалиев Биржан Серикович «Әке – отбасының алтын діңгегі» атты әкелер форумына қатысып, арнайы дайындап келген қолөнерін көпшілікке таныстырды. Сонымен қатар мектебіміздің көпбалалы отбасылар атынан Бекбульсинов Есенаман Куттыбаевич көрермен ретінде қатысып, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлі, білім ұйымдарымен байланысын нығайту мақсатындағы ассоциациялық жұмыстардың жүргізіліп жатқандығына көз жеткізді.
✅Шараны қала әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы алғысөзімен ашты. Өз сөзінде әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлінің басымдығын арттырудың маңыздылығын, әсіресе ер балалардың бойында батылдық пен сенімділікті оятуға, рухы мықты болашақ ел қорғандарын дайындауға оң ықпалын тигізерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ мектеп өмірінің қоғамдық шараларында белсенділік танытып жүрген үлгілі әкелерге қала әкімінің алғыс хатын табыс етті.
✅Әкелер айлығы ретінде жарияланып, қала мектептерінде отбасы құныдылықтарын дәріптеу, әкенің бала тәрбиесіне көңіл бөліп қарауын жақсарту мақсатындағы кездесу сағаттары, конференциялар, отбасылық спорттық іс-шаралар өткізілді. Қалалық форум айлық аясында өткізілген осындай тағылымды тәжірибелерді таратуға арналды.
Әр алаңда желілік қауымдастықтар әкелердің ұл-қыздарын еңбекке баулу, қолөнерге үйрету, зияткерлік, экологиялық, туризм, патриоттыққа тәрбиелеудегі үлгілі жұмыстары көрсетілді.