Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру.
Наурыз айының 17 жұлдызында мектебіміздің 10 «а», 10 «ә» және 10 «б» сынып оқушылары арасында «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Шара барысында Гулжамал Нуржанқызы жетекшілігімен 10 «а» сынып оқушылары мен Светлана Утешқызының жетекшілігімен 10 «ә» сынып оқушылары және Эльмира Ақылбекқызының жетекшілігімен 10 «б» сынып оқушылары «Ұлттық тағам» тақырыбында дастархан жәрмеңкесін ұйымдастырды. Арнайы мерекелік бағдарламамен жасалған бұл жәрмеңке көптін көңілінен шығып, әсем күй мен сазды әуен бойымызды биледі. Мерекелік кешіміз жаңа диреторымыздың сөзінен бастау алып, оқушыларымыздың өнерін тамашалаумен жалғасып, шара соңында Қорқыт атамыздың, ақ батасымен аяқтадық. Ұлыстың ұлы мейрамы құтты болсын!