Мақсаты: Балаларға наурыз тойы туралы түсінік бере отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін бойларына сіңіру. Салт-дәстүрлеріміздің ішіндегі баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы білімдерін кеңейту. Балалардың санасын дамыта отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеу.
Бүгін мектебіміздің 9 сынып оқушылары наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық салт – дәстүрімізді ұстана отырып, «Қош келдің, әз наурыз» атты мерекелік іс-шараны жүргізді.Шара барысында қазақ халқының бала дүниеге келіп 40 күн өткен соң тойланатын «Қырқынан шығару» атты салт – дәстүрді әсем де, бейнелі түрде саналы ұрпаққа жеткізді.