Мектеп-лицейдің жылдық жұмыс жоспарына сай 24 наурыз күні «Тиімді сабақ - оқушы мен мұғалімнің жетістікке жету жолы» тақырыбында №5 педагогикалық кеңес оздырылды.
Педагогикалық кеңесте Тиімді сабақтың критерийлері, тиімді әдістер, бағалау, 2022-2023 оқу жылындағы ІІІ тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, сыныптар бойынша білім сапасын талдау, пәндер бойынша сараптама, 9-сыныптағы үздік аттестатқа үміткерлерді ұсыну, қорытынды атестаттауға дайындық мәселелері қамтылды. Кеңестегі мәселелерге байланысты педагогикалық ұжым мүшелері ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасалынды.