8(7112) 22-85-97

Көктемгі демалыс

Көктемгі демалыс күндері 7 А және 7 Ә сынып оқушылары Түркістан және Шымкент қалаларына саяхаттады. Саяхат барысында Шымкент қаласының Тәуелсіздік паркі, технопарк, жануарлар саябағын тамашалады.

"Қазына" этно-кешені, "Бәйдібек-би" монументі және оңтүстік өлкенің бар экспонаты жиылған тарихи-өлкетану мұражайында тың ақпарат алып, рухани азық етті.

Ежелгі Отырар қаласының қазбасына аттанып, мәдени қаланың тарихы мен соңғы зерттеулер жаңалығымен танысты. Қожа Ахмет Яссауидың тәлімгері "Арыстан баб" кесенесі және қызы Гаухарана кесенесіне жол тартты. "Караван Сарай" кешені, "Қыз-Жібек пен Төлеген" қайықтар шеруі, түнгі қала панорамасын тамашалап көктемгі демалысын сәтті аяқтады.