Орал қаласы № 41 мектеп – лицейінде педагогтердің, ата-аналар мен қыз балалардың өзара бірлігін нығайта отырып, шеберлігі мен іскерлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында «Қыз еркем, кестесімен көркем» жобасы іске асырылып келеді.
Шеберлік сыныптарына мектеп педагогтері, мектеп-лицей қыз балалары, аналар тартылып, өнер туындыларын өзгеге үйрету мақсатында апталықтар шеңберінде, үйірме сабақтарында, іс-шаралар жоспарлары негізінде іске асырады.