Конкурстың қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың 3-7 сәуір аралығында онлайн форматында Google Meet платформасында жүргізілді.
Қатысушылардың жоба қорғауы кезінде конкурстың ашықтығын және академиялық адалдықты сақтау мақсатында YouTube арнасында тікелей эфир жүргізілді. Конкурстың қорытынды кезеңіне мектебімізден 2 жоба бойынша 4 оқушы қатысып, 1 жоба қола жүлдеге лайық болып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 11 сынып оқушылары Сағынтаева Аида, Биғали Гүлназ, жетекшісі Батыргалиева Айнур Қанатқызы. Сонымен қатар «Дарын» РҒПО-ның грамотасымен Серік Ақнұр, Султанова Амелия тіл білімі секциясы бойынша марапатталды, жетекшісі Беккужиева Светлана Адилхановна. Оқушыларымызды және пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтаймыз!