Мақсаты: Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік,ұлтжандылық,отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, ақын, қоғам қайраткері, педагог- ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп жас ұрпақты ұлттық рухқа тәрбиелеу.
Конференция екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының балалық шағы мен өскен ортасы туралы, қызметі мен еңбектері туралы, алашорда үкіметі туралы жан-жақты баяндама жасады. Екінші бөлімінде Ахмет Байтұрсынұлының “Адамдық диқаншысы”, “Ер сайын”, “Жұртыма”, “Қазақ халқы”, “Шал мен ажал”, “Өзен мен Қарасу” өлеңдері оқылды.