Мақсаты: Оқушылардың кітап туралы білімдерін кеңейту, кітапты сүйе білуге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Балаларды С.Мұратбековтың өмір жолымен таныстыру, «Жабайы алма» кітабының қысқаша мазмұнын баяндау. «Жабайы алма» повесіндегі образдар жүйесіне тоқталып,кейіпкерлерімен жеке-жеке танысу оларға сипаттама беру. «Жабайы алма» повесінің негізгі түйіні: Жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысатынын түсіндірілді.