«Тарих сабағында оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту» атты қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты: Тарих сабағында оқушылардың зерттеу қабілетін дамыту мақсатында іс-тәжірбиемен бөлісу
Тарих пәнінен «Тарих сабағында оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту» атты қалалық семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінің ұстаздары қатысты. Семинарда «Аспан астындағы көрме» өткізілді. Тақсай ханшайым, Қазақ хандығы, Алжир, Ұлы Отан соғысы кезеңдердегі көрмелер көрсетілді. Ашық сабақтар өткізілді, 5 «Ә» сыныбында «Аттила және оның жаулаушылық жорықтары» Ш.С.Сисенова,6 «А» сыныбында «Есім хан билігі кезіңдегі Қазақ хандығының бірлігінің нығаюы» О.А.Жұмағалиева, 10 «А» сыныбында «Әлемнің ең ірі мұажайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы» Э.О.Жұмағалиевалар өз тәжірбиелерімен бөлісті. Сонымен қатар семинарға қатысушы ұстаздармен «Қызық екен» танымдық- интеллектуалдық сайыс оздырылды, сайысқа қатысушыларды марапаттап, жеңімпаздар анықталды. Кері байланыстар алынды